Семей қаласында екі жасөспірімді көлік қағып кетті

Соққы салдарынан жасөспірім қыз бірнеше метр жерге ұшып кеткен
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Семей қаласында екі жасөспірімді көлік қағып кетті.
Daewoo Nexia автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Б.Момышұлы көшесіндегі Орталық саябақ ауданындағы жаяу жүргіншілер өткелінен екі жасөспірімді қағып кетті.
Өтіп бара жатқан автомобильдің бейнетіркегішіне балаларды қағып кеткен сәт түсіп қалған.
Соққы салдарынан жасөспірім қыз бірнеше метр жерге ұшып кеткен. Екіншісінің жағдайы қанағаттанарлық.
Қыз түрлі дене жарақатымен Семей қаласының медициналық мекемесіне жатқызылды.
Жүргізуші ұсталды. Тергеу жүргізіліп жатыр.