Нұр-Сұлтанда мектеп жәрмеңкесі басталды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Елордада Demalys promenad аллеясында 25-28 тамыз аралығында "Мектепке жол" жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында мектеп жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңке 25-28 тамыз аралығында таңғы 10-нан кешкі 19-ға дейін өтеді.
Іс-шараны өткізу мақсаты – балаларды мектепке дайындауда халыққа көмек және қолдау көрсету.
Жәрмеңкеде кәсіпкерлердің де, отандық өндірушілердің де тауарлары төмен бағамен сатылады.
Сөрелерден ата-аналар мен балалар мектеп керек-жарақтарының барлық түрін – қаламдар, дәптерлер мен түрлі-түсті бояулардан бастап рюкзактар мен мектеп формаларына дейін таба алады.
Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, атап айтқанда, "Құқық" қоғамдық қорының және балалар мен ата-аналарға арналған психологиялық қолдау қызметінің жұмысын ұйымдастыру жоспарлануда, бұл ретте балалардың құқығын қорғау мәселелері бойынша мамандардың заңдық, әлеуметтік және психологиялық консультациясын алу мүмкіндігі бар.
Мектеп жәрмеңкесі концерттік бағдарламамен жалғасады.