Оқиға

Екібастұзда биіктен құлаған жұмысшы көз жұмды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Екібастұзда жұмысшы биіктен құлап мерт болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
24 тамызда кәсіпорын аумағында 35 жастағы жұмысшы алты метр биіктен құлады. Оқыс оқиғадан кейін ол дереу ауруханаға жеткізілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жарақаты ауыр болған. Оны құтқару мүмкін болмады. Дәрігерлердің әрекетіне қарамастан ол түнде ауруханада көз жұмды.
Аталған факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.