Оралда екі жұмысшы кәріз суына батып кетті

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Орал қаласында "Батыс су арнасы" ЖШС екі жұмысшысы кәріз суына батып кетті, деп хабарлады "Мой город".
Оқиға орнына мекеме басшысы Әнуар Аркенов барды. Оның айтуынша, екі жұмыскер кәріз суы ағатын құбырдың жапқышын ауыстырып жатқан. Сол кезде бұралатын жапқыш жұлынып кетіп, сорғы станциясы лезде кәріз суына толып қалған. 51 жастағы және 40 жастағы жұмысшылар шығып үлгермеген.
Кәсіпорын марқұмдардың отбасыларына материалдық көмек көрсетеді.
Өңірлер
Семейде екі ер адам кәріз құдығында көз жұмды