Екібастұз маңындағы көлге батып кеткен балықшының денесі үш күннен бері іздестіріліп жатыр

Sputnik
ПАВЛОДАР, 24 тамыз – Sputnik. Екібастұз қаласының іргесіндегі Ащыкөл көліне батып кеткен балықшының денесі табылмай жатыр, деп хабарлады павлодарлық "VITA" еріктілері әлеуметтік желідегі парақшасында.
"21 тамызда екі балықшы су асты аңшылығымен айналысқан. Олардың бірі, 1959 жылы туған ер адам суға түскеннен кейін қайта шықпаған", - дейді еріктілер.
Мәйітті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оған екібастұздық еріктілерден бөлек, жоғалған азаматтың туыстары, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен полицейлер жұмылдырылған. Екібастұздық іздеушілердің әріптестері –павлодарлық "VITA" еріктілері көмекке келді.
Еріктілер облыс тұрғындарын суда абай болуға шақырды.
Маңғыстауда үш адам суға батып кетті