НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Алматы қаласы мен Алматы облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған бір топ адамды анықтады.
4 ойын мекемесі мен 14 ойын нүктесі жойылды. 48 ойын терминалы мен 32 компьютерлік техника тәркіленді.
Қылмыскерлер 15 миллион теңгеден астам табыс тапқан.
Сот үкімімен бес адам екі жылдан төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Агенттік Қылмыстық кодекске сәйкес ойын бизнесін ұйымдастырғаны, сондай-ақ құмар ойындары үшін үй-жайды жалға бергені үшін қылмыстық жаза көзделгенін ескертті.