Қоғам

Сыртқы істер министрлігі украиналық елшінің мәлімдемесіне наразылық білдірді

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Украинаның Қазақстандағы Елшісі Петр Врублевскиймен кездесті.
Кездесу барысында елшіге 21 тамызда қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұхбатында айтқан мәлімдемелеріне байланысты наразылық білдірілді.
"Қазақстан тарапы мұндай мәлімдемелердің шет мемлекет елшісінің қызметіне сай келмейтіндігі және қолайсыздығы туралы ұстанымын білдірді. Мұндай іс-қимылдар мемлекеттер арасындағы достық қатынастарға нұқсан келтірмеуге тиіс", - делінген хабарламада.
Жуықта украиналық дипломат Петр Врублевский тіл патрулін ұйымдастырушы Диас Құзайырға берген сұхбатында орыстарды неғұрлым көп өлтірсек, балаларымыздың қолы соғұрлым азырақ қанға малынады" деген еді.