Фото

iPhone Photography Awards байқауының жеңімпаздары анықталды – фото

Жыл сайын өтетін iPhone Photography Awards фотобайқауының жеңімпаздары белгілі болды. Биылғы ең үздік суреттерді біздің топтамадан тамашалаңыздар
Sputnik
Бұл байқауда бірнеше жыл қатарынан әлемнің әртүрлі еліндегі фотографтар бақ сынауды дәстүрге айналдырған. Apple смартфонының қай үлгісімен суретке түсіргенің маңызды емес. Ең бастысы – креативтілік пен ерекшелікті көрсетіп, айрықша сәтті түсіре білу.
Бұл жолы байқаудың қазылар алқасы 15 номинация бойынша үздік суреттерді таңдады.
Жыл фотографы атағын кім жеңіп алды және танымал брендтің смартфонымен түсірілген суреттер байқауында бірінші орынды кім иеленгенін суреттер топтамасынан көріңіздер.
1 / 21

Италиялық фотограф Антонио Денти түсірген "Мосулдағы бала" атты сурет байқаудың ең үздік туындысы деп танылды. Сурет Иракта түсірілген.

2 / 21

"Жыл фотографы" номинациясында бірінші орынды "Антиәлеуметтік қашықтық" атты суреті үшін швейцариялық фотограф Рэйчел Села иеленді.

3 / 21

Сан-Марино фотографы Марчелло Раджинни түсірген "Құстарға арналған тор" атты сурет.

4 / 21

Италиялық фотограф Пьер Луиджи Доди түсірген "Ұзын сиыр" атты сурет.

5 / 21

"Қоршаған орта" санатындағы Қытай фотографы Янг Ли түсірген "Жолдың арғы бетіндегі жол" атты сурет.

6 / 21

"Саяхат" санатындағы америкалық фотограф Марина Клуце түсірген атаусыз сурет.

7 / 21

"Табиғат" санатындағы ресейлік фотограф Юлия Смирнова түсірген сурет.

8 / 21

Қытай фотографы Хуапен Чжао түсірген "Атауы жоқ" сурет "Балалар" санатында үздік деп танылды.

9 / 21

Америкалық фотограф Линда Репаски түсірген "Күз жолындағы тұман" атты сурет.

10 / 21

Үндістан фотографы Костава Саркара түсірген "Тарих көлеңкесі" атты сурет.

11 / 21

Біріккен Араб Әсірліктеріндегі фотограф Марк Энтони Агтай түсірген сурет.

12 / 21

Америкалық фотограф Рич Лемони түсірген "Бос қалған блюз" атты сурет.

13 / 21

Қытай фотографы Йонгмей Ванг түсірген "Эстакада арқылы" атты сурет.

14 / 21

Нидерланды фотографы Лейла Баккер түсірген "Теңізге сүңгу" атты сурет.

15 / 21

Қытай фотографы Лепинг Ченг түсірген "Күн батысқа бет алғанда" атты сурет.

16 / 21

"Жануарлар" санатындағы ресейлік фотограф Анна Каунис түсірген сурет.

17 / 21

Бразилиялық фотограф Патрисия Кансадо түсірген "Суға шомылуға арналған киім" атты сурет.

18 / 21

Америкалық фотограф Андреа Бьюкенен түсірген "Аспендегі бұлан" атты сурет.

19 / 21

Қытай фотографы Инья Лю түсірген IPPAWARDS 2022 байқауындағы жеңімпаз сурет.

20 / 21

"Портрет" санатындағы бірінші орынды америкалық Аревик Мартиросян жеңіп алды.

21 / 21

Жапон фотографы Аяка Такине түсірген "Қонақ үйде ұйқыдан ояну" атты сурет.