Қарағанды облысында "Спасск" оқу-жаттығу орталығында "Тактикалық мерген" байқауының қатысушылары соңғы кезеңде топ құрамында оқ ату тапсырмаларын орындады. Әскери қызметкерлер ойлы-қырлы жерлермен жүріп өтіп, ғимарат пен шатқалдағы нысаналарға оқ жаудырды.
Жарыс төрешілерінің бірі Ғалым Садықовтың айтуынша, шамадан тыс физикалық жүктеме мен жоғары жылдамдықтағы қозғалыстар қатысушыларға қосымша қиындық туғызған.
Командалар нысанаға дөп тигізу үшін күш пен мен байсалдылықты сақтап, сонымен бірге команданың тактикалық іс-әрекетін ұмытпауы керек болды. Өйткені командадағы бір адамның қателігі бүкіл топтың нәтижесінен көрініс табады, деп атап өтті ол.
"Тактикалық мерген" жарысының ақтық кезеңінде және жалпы қорытындысы бойынша Қазақстан жауынгерлері жеңіске жетті. Жарыста екінші орынды Қытай командасы иеленсе, үшінші орынды Ресей мен Өзбекстанның әскери қызметкерлері бөлісті.
Жарыстың қалай өткенін видеодан көре аласыз.