Қоғам

Алматыда келіншек үш баласын өлтірмекші болды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Алматы тұрғығы үш баласын Сайран көліне батырып өлтірмекші болды. Оны өтіп бара жатқан адамдар тоқтатты.
Қоғам белсендісі Ақмарал Басированың сөзіне қарағанда, ең кішкентай бала 1,5 жаста ғана, тағы екі баласы суды көп жұтып қойғаны сонша, тұншығып қала жаздаған.
"Кеше оларды өтіп бара жатқан адамдарды құтқарып қалды. Сөйтсе, бұл бірінші жағдай емес", - деп жазды Басирова әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, күйеуі күні-түні жұмыс істейді. Отбасы пәтер жалдап тұрады. Осы оқиғадан кейін ерлі-зайыптыларды полиция басқармасына жеткізді. Әйел психиатриялық диспансерге жатқызылды. Ал балалар ауруханаға ем алып жатыр.
Алматы қалалық полиция депаратменті таратқан мәліметке сәйкес, Әуезов аудандық полиция басқармасында тергеу шараларын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталады.