Қоғам

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті.
Жиында қаруды өндіру мен сатып алу, сондай-ақ осы саладағы экспорттық бақылау мәселелері қарастырылды.
Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың және қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың баяндамаларын тыңдады.
Тоқаев мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.