Нұр-Сұлтанда Сығанақ көшесінің тағы бір учаскесі жөндеуге жабылады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Бүгін астанадағы Сығанақ көшесінің тағы бір учаскесі жөндеуге жабылады.
"22 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Сауран көшесінен Қазақ телерадиосы көшесіне дейінгі учаскеде (Қабанбай батыр даңғылына қарай қозғалыс) жолды толығымен жабу жоспарлануда", - делінген ресми хабарламада.
Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліске тап болмауы үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
"Осы қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", - дейді әкімдік қызметкерлері.
Айта кетері, бұған дейін Сығанақ көшесінде "Арыс" М-3 көпірінен Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылған болатын.