Білім

Алматы мен Солтүстік Қазақстанда 200 мыңнан астам оқушы бес күндік оқуға көшеді

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында 200 мыңнан астам оқушы 1 қыркүйектен бастап бес күндік оқу аптасына көшеді, бұл туралы оқу-ағарту министрлігінде өткен жиында Алматы және СҚО білім басқармаларының басшылары баяндады.
Сондай-ақ осы өңірлердегі 25 мыңнан астам мұғалім үшін сенбі демалыс күнге айналады.
"5 күндік оқуға мектептердің 100 пайызы көшеді. Алматыда бұрын сенбі күндері оқыған 166 мың бала мен жұмыс істеген 13 мың мұғалімі бар 124 мектеп енді бес күндік оқу аптасына көшеді. Сондай-ақ тек 1 ауысымда 16 мектеп бес күндік форматта оқиды. СҚО-да да бес күндік оқуға 74 мыңға жуық бала оқитын 470-тен астам мектеп 100 пайыз көшеді. Бір ауысымда 23 мың оқушысы бар 254 мектеп оқиды", - делінген хабарламада.
Осылайша, мұғалімдерге де, оқушыларға да жүктеме азаяды. Бұл оқу жылын 31 мамырда аяқтау және оқу жүктемесін азайту туралы шешімнің аясында мүмкін болғанын айта кеткен жөн.