Өңірлер

Алматыда екі ауруханаға мина қойылды деген ақпарат түсті – эвакуация жүріп жатыр

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Алматы полициясы қаладағы екі ауруханада бомба бар деген ақпаратты тексеріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
№4 қалалық аурухана мен жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы миналанды деген ақпарат түскен.
"Қазір медициналық мекемелердің пациенттері мен персоналын эвакуациялау, сондай-ақ көліктерді қауіпсіз жерге қою жұмыстары жүріп жатыр", - деп мәлімдеді департамент.
Саперлік бөлімшелер де оқиға орнын тексеруде.