НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Атырауда полицейлер түн ішінде көпірден секірмек болған ер адамды құтқарды.
Оқиға 21 тамыз түнгі сағат 02:45-те болды. Полицияға қаладағы "Жұмыскер – Балықшы" көпірінің үстінде белгісіз адам суға секіргелі жатыр деген ақпарат түскен, деп хабарлайды Polisia.kz.
Навигатор радиоқабылдағыш арқылы дереу жақын маңдағы экипаждарға нұсқау берілді. Батыс-24 экипажының қызметкерлері полиция аға лейтенанты Темірлан Сахиполлаев пен полиция капитаны Дамир Аманов оқиға орнына жетті. Тәртіп сақшылары көпірден секірмек болған Атырау қаласының 1989 жылы туған тұрғынын анықтады.
Жедел әрекет еткен полицейлер ер адаммен төрт минут профилактикалық әңгіме жүргізіп, оны райынан қайтарды.
Қала тұрғыны сараптамаға жеткізілді, ол "жеңіл дәрежеде" мас болған.