НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Қазақстанның әскери қызметшілері "Әлем жауынгері" байқауының кезекті кезеңіндегі әскери-қолданбалы сайыста үздік атанды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстандық артиллеристердің, әскери топографтар мен атқыштардың сенімді жеңісінен кейін Қазақстанның тағы төрт командасы Әзербайжан, Армения және Ресейдегі жарыс алаңдарында өнер көрсетуін жалғастыруда.
Қазақстанның әскери қызметшілері "Әлем жауынгері" байқауының кезекті кезеңінде
© министерство обороны Республики Казахстан
Арменияның Дилижан қаласында өтіп жатқан "Әлем жауынгері" байқауының "Ратник" кезеңінде қазақстандық команда ерлер арасындағы әскери-қолданбалы кешенде жеңіске жетті. Екінші орында – Беларусь, үшінші орында – Ресей.
Дүйсенбіде атыс жаттығуларынан, әскери-медициналық және әскери-қолданбалы кешендерден тұратын кезеңнің соңғы қорытындысы шығарылады.
Қазақстандық команда АрХО-2022 "Әлем жауынгері" байқауының кезеңінде бақ сынап жүр
© министерство обороны Республики Казахстан
Кабардино-Балкарияда "Терскол" тау дайындығы оқу орталығында "Эльбрус сақинасы" конкурсында көшбасшылық үшін табанды күрес жалғасып жатыр. Бір күн бұрын әскери альпинистер тоғызыншы арнайы тапсырманы орындады. Жартас учаскесінен өту жарысында Қазақстан командасы үшінші нәтиже көрсетті. Бірінші орында – Ресей, екінші орында – Өзбекстан.
Қазақстандық команда "Әлем жауынгері" байқауының кезеңінде
© министерство обороны Республики Казахстан
Бүгін байқауға қатысушылар Ирик шатқалынан (2800 м) Кіші Азау мұздығына (3264 м) 25 шақырымдық жаяу марш жасайды. Дүйсенбі күні байқауға қатысушылар мұз учаскесінде көтерілу/түсу және зардап шегушіні тасымалдауға арналған арнайы тапсырмаларды орындайды.
Қазақстандық әскерилер
© министерство обороны Республики Казахстан
Мәскеу түбіндегі "Алабино" полигонында Қазақстан командасының танкистерін "Танк биатлоны" жартылай финал эстафетасының өтетін күні мен қарсыластарын анықтайтын жеребе тарту күтіп тұр. Әзербайжандағы "Теңіз кубогы" байқауында 22 тамызда қатысушылар жауынгерлік жүзушілер шеберлігінде бақ сынайды.