Өңірлер

Талдықорғанда сегіз адам жол апатынан зардап шекті

Оқиға орнына бара жатқан жедел жәрдем көлігі де апатқа ұшыраған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Талдықорған маңында "ГАЗель" жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысты. Жол апатынан бес ересек пен үш бала зардап шекті, деп хабарлайды Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Талдықорған маңындағы апат
Ведомство ақпаратынша, апат 19 тамыз кешке Талдықорған – Үштөбе тас жолында болған. ГАЗель мен Nissan соқтығысты.
"Жол апатынан жеңіл көлікте отырған бес ересек пен үш бала зардап шекті. Барлығы ауруханаға жеткізілді", - деп мәлімдеді полиция департаменті.
Жедел жәрдем көлігі де жол апатына ұшырады
Сондай-ақ көмекке асыққан жедел жәрдем көлігі де апатқа түсті. Ол қарсы беттегі жеңіл иномаркамен соқтығысқан. Зардап шеккендер жоқ, екі көліктің де кузовтарына зақым келді.