Өңірлер

Павлодарда ер адам жоғалды – достары оның суға батып кеткенін жасырып қалған

Еріктілер ер адамды бірнеше күн бойы іздеген, алайда ол, достарының айтуынша, суға батып кетті. Достары марқұмның киім-кешегін тығып, бұл жайлы ешкімге тіс жармаған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Павлодарда бір апта бойы із-түзсіз жоғалған ер адамды іздестірген. Оның қалай қайтыс болғаны анықталды. Енді оны іздестіру шаралары суда жалғасады.
13 тамызда 45 жастағы Геннадий Лущай балыққа барған. Бірақ сол күйі үйіне қайтып оралмаған. Бірнеше күннен кейін "Поисковики города Павлодара Vita" қоғамдық ұйымының еріктілері ер адамның суға батып кеткенін мәлімдеді. Ал оның үш досы қайғылы оқиғаны жасырып айтпаған.
Куәгерлер сол күні Генаның үш досымен бірге болғанын көрген. Осыдан кейін еріктілер өз бетінше тексеріс жүргізді.
"Біз тергеуімізді өткізіп, қайғылы жағдайдың болғанын анықтадық. Өкінішке қарай, ер адам суға батып кетті", – дейді еріктілер.
Жоғалған ер адамның достары қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты. Сол күні Геннадий өзенге түскен, кенеттен суға басып кетті. Жолдастары қорқып, ешкімге ештеңе айтпаған. Ал киімін гаражға жасырып қойған. Қазір полиция осы мәліметті тексеруге кірісті.
Өңірлер
Атырауда екі күн бұрын жоғалған 12 жастағы қыз табылды - оқиғаның мән-жайы