Елена Рыбакина мен Анна Данилина АҚШ-тағы "Мастерс" турнирін аяқтады

Рыбакина үшін келесі турнир 29 тамызда басталатын АҚШ ашық чемпионаты болмақ
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Елена Рыбакина Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалында америкалық Мэдисон Кизден 2:6, 4:6 есебімен жеңілді.
Екінші партияда Рыбакина екі геймде қатарынан жеңіске жетті, бірақ матчта жеңілді.
Бұған дейін әлемнің 1-ракеткасын турнирден шығарған Киз 2-1 есебімен алға шықты.
"Мастерстің" жұптық сайысында Анна Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге өнер көрсетіп, үш сетке созылған ширек финалда Елена Остапенко (Латвия) мен Людмила Киченоктан (Украина) жеңіліп қалды - 3:6, 6:3, 8:10.