НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Бұқтырма су қоймасында өткен айда батып кеткен "Шолғыншы" катерін көтеріп алды.
17 шілде күні "Аюда" демалыс базасынан үш шақырым шалғай жерде катер суға батып кетті. Кемеде 24 адам болған. Барлығын құтқарып үлгерген.
Сол күні Бұқтырма су қоймасында демалып жүрген адамдар суға батып бара жатқан катерді көрген. Біреулер гидроскутермен, енді біреулер катерге мініп, көмекке аттанған. Алдымен балаларды алып шыққан, одан кейін қалған жолаушыларды жағаға жеткізген.
Кінәлі адамдар екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары катер батып кеткен жерді белгілеп кеткен. Оны алып шығу жұмыстарына арнайы ұйым тартылды.