НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысында 2022 жылдың соңына дейін сұйытылған газдың бөлшек саудадағы шекті бағасы 1 литр үшін 50 теңгені болады, деп хабарлады энергетика министрлігі.
Көтерме саудадағы шекті баға 1 тонна үшін 33 600 теңге (19,7 теңге/литр) деңгейінде бекітілді.
Министр Болат Ақшолақов Ақтөбе облысының халқымен кездесуде мұндай баға өндіруші зауыттардың шығындарын ішінара өтеу мақсатында белгіленгенін мәлімдеді.
Ол бұл сұйытылған мұнай газын өндірушілер мен өткізушілер арасында кірістердің әділ бөлінуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын өндіретінзауыттарды ынталандыруға мүмкіндік береді деп есептейді.
Энергетика министрі министрлік ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, бағалардың алыпсатарлық ауытқуына жол бермей, сұйытылған мұнай газын облыстар бойынша бөлу тетігінің реинжинирингін жүргізу бойынша шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.
Осы шаралардың бірі ретінде белгілеген бөлшек сауда бағаларын негізге ала отырып, өндіруші зауыттардың сұйытылған мұнай газына шекті көтерме сауда бағаларын айқындауы жөніндегі қағидалар әзірленеді. Сонымен қатар энергетика министрі президенттің тапсырмасына сәйкес сұйытылған мұнай газы биржасына көшу 2023 жылдың1 қаңтарына ауыстырылғанын еске салды.
Айта кетері, осы жылдың 20 шілдесінде биржалық сауда-саттық кезінде бағаның күрт көтерілуіне жол бермеуге мүмкіндік беретін Биржалық сауданың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізілді.