НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Сочидегі Ресей Федерациясы басшысымен кездесуі кезінде екі ел арасындағы қарым-қатынасқа баға берді.
"Геосаясаттағы жағдай екі ел үкіметтеріне тиімді әрі бірлесіп жұмыс істеуде қосымша тапсырма беру үшін мүдделерді айқындауға итермелейді. Жағдай шешілуге тиіс жаңа талаптарды қойып жатыр. Жалпы алғанда екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуы қанағаттанарлық", - деді Тоқаев.
Ол Қазақстан мен Ресейді ең ұзын құрлық шекарасы біріктіріп жатқанын атап өтті.
"Оның толықтай шендестірілігенін атап өткен жоқ. Сондықтан екі ел арасындағы ынтымақтастыққа қатысты пессимистік болжам жасауға негіз жоқ. Мен, Қазақстан президенті ретінде, екіжақты ынтымақтастықтың барлық саладағы дамуына серпін беруге ынталымын", - деді мемлекет басшысы РФ президентімен Сочидегі кездесуі кезінде.
Сонымен қатар мемлекет басшысы Владимир Путинді Қазақстанда өтетін ТМД саммитіне шақырды.
"Биыл Қазақстан ТМД саммитіне төрағалық етеді. Қазан айында Тәуелсіз мемлекеттер достастығының саммиті өтеді. Сізді сол кездесудің құрметті қонағы болуға шақырамыз. Ресейдің ТМД -дағы рөлі зор", - деп атап өтті Тоқаев.