Тоқаев пен Путин Сочиде экономиканы дамыту жайын талқылайды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Қазақстан мен Ресей президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин жұма күні Сочиде кездеседі.
Келіссөз барысында екіжақты стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелері, оның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайы талқыланады, деп хабарлады Ақорда.