НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында ашаршылық туралы "Өліара" көркем фильмінің монтаж жұмыстары басталды.
"Өліара" кинокартинасының шығармашылық тобы монтаж жұмыстарына кірісті
© Photo
Кинокартина 2021 жылдың 28 қазаны мен 7 желтоқсаны аралығында Алматы облысында түсірілді. 2022 жылы шілде айында кинокартинаның монтаждау-әрлеу кезеңі басталды.
Фильмнің сценарий авторы Нұрлан Санжар, қоюшы режиссері Мажарстан Республикасының тумасы Тамаш Тот. Фильмнің желісі XX ғасырдың 30-шы жылдарындағы ашаршылық қасіретін баяндайды.
"Картинаның сюжеті бойынша Иштван Мадьяр "саяси кінәсін" өтеу үшін қазақ жеріне жіберіледі. Ол Қарабайдың жедел отрядына түсіп, кулак малын жедел іздеумен және тәркілеумен айналысады. Сол кезде өз көзімен ашаршылық пен жауынгерлердің қатыгездігін көріп, төңкеріс туралы көзқарасын өзгертеді. Иштван жергілікті тұрғындарға жақтасып, солармен бірге қызыл озбырлықпен күресуге тырысады. Бас кейіпкер аман қалып, қазақ халқының ұлы қасіреті туралы шындықты жеткізуге бар күшін салады", - деді фильмнің атқарушы продюсері Жансерік Шонаұлы.
"Қазақфильм" киностудиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, фильмге екі елдің танымал актерлері қатысқан. Басты рөлдерде Мажар елінің театр және кино актері Питер Барна, белгілі қазақстандық актерлер Алдабек Шалбаев, Ержан Нұрымбет және басқалар ойнаған.
Картина үлкен экранға 2023 жылы шығады деп жоспарланып отыр.