Саясат

Путин Қазақстан мен Ресей әскерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтетінін айтты

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Ресей мен Қазақстанның қорғаныс министрлігі ҰҚШҰ аясында бірлескен оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр, деп мәлімдеді РФ президенті Владимир Путин Сочидегі кездесу кезінде.
"Біздің министрліктер мен ведомстволар, сыртқы істер министрліктері белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. Олар бірлесіп түрлі шаралар өткізуге дайындық үстінде, соның ішінде ҰҚШҰ аясында өтетін әскерилердің бірлескен оқу-жаттығу бар", - деді Путин.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Сочиде Ресей және Қазақстан президенттерінің кездесуі өтіп жатыр.