Қоғам

Нұр-Сұлтан тұрғыны туған ағасын көргеннен кейін алаяққа алданғанын түсінді

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда туған ағасына көмектесемін деген ер адам ақшаны алаяққа жібере салған. Полиция 23 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға арызданған қала тұрғыны белгісіз біреудің WhatApp арқылы ағасының атын хат жазысып, 40 мың теңге сұрағанын айтты. Ол ақшаны бірден жібер салған. Ал жәбірленуші ағасын көргеннен кейін ғана алаяққа алданғанын білді.
Криминалдық полиция қызметкерлері интернет-алаяқтық жасағаны үшін 23 жастағы жас жігітті ұстады. Тергеу кезінде қылмыстың мән-жайы анықталды. Сөйтсе, күдікті азық-түлікті бір дүкеніне алып отырады.
Сол жерде жәбірленуші мен оның ағасының байланыс телефондарын біліп алған. Осы деректерді пайдаланып, WhatsApp мессенджерінде бөтен нөмірді тіркеп қойды. Сосын жәбірленушіге ағасының атынан хат жазып, апатқа ұшырағанын және шұғыл ақша аудару қажеттігін жеткізген.
Ер адам ештеңеден күдіктенбей, ақшаны есепшотқа аудара салды. Осыдан кейін дүкенге ағасын келген. Сол кезде жәбірленуші алаяқтың құрбаны болғанын білді.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 2-бөлігінің 4-тармағы (Алаяқтық, ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен жасалған әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Айта кетері, осы қылмыс үшін 4 000 айлық есептiк көрсеткiшке (12 432 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 1 000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, я болмаса, төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.