НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облыстық полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған видеоға түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Видеода арнайы жасақ пен операторлар мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіріп барады. Бұл оқиға Ақтөбе қаласында болған.
"Полиция департаменті көлік құралдарын басқару үшін жүргізуші куәліктерін беру бойынша халыққа заңсыз қызмет көрсеткен ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті", - делінген ресми хабарламада.
Тінту кезінде топтың әрбір қатысушысының қылмыстық рөлін растайтын заттай айғақтар тәркіленді. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.