Қоғам

4 проценттік автокредит: өнеркәсіпті дамыту қоры соңғы траншты аударды

Осы уақытқа дейін бағдарлама бойынша 31 538 өтінім түскен
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынаш Еуразиялық банкке 10 млрд теңге көлемінде қалған лимитті аударып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осылайша, 4 проценттік автокредитке бөлінген 100 млрд теңге толығымен екінші деңгейлі банктерге аударылды.
Қаржы төрт банкке таратылды.
Олар:
Еуразиялық банк 35 млрд теңге;
Банк ЦентрКредит – 27,5 млрд теңге;
Қазақстан Халық Банкі – 22,5 млрд теңге;
Forte Bank – 15 млрд теңге;
Осы уақытқа дейін бағдарлама бойынша 31 538 өтінім түскен. Соның ішінде 95,517 млрд теңгенің 12 483 өтінімі мақұлданды.
Барлығы 77,068 млрд теңгеге бағаланған 10 015 автокөлік берілді.
"Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 30 жылға есептелгенін естеріңізге саламыз. Бөлінген лимит толық игерілгеннен кейін автонесие беру револьверлік несиелеу механизмі негізінде, яғни, бастапқы қарыз алушылардың өтелген несиелік төлемдері есебінен жүзеге асырылатын болады", - дейді қор мамандары.
Ал револьверлік механизм қыркүйек айында іске қосылады деген жоспар бар. Сол кезде банктер автонесиеге өтінімдерді жинауды жалғастырады.
Ең көп өтініш келіп түскен аймақтар:
Алматы қаласы – 7 031;
Нұр-Сұлтан қаласы – 5 381;
Шымкент қаласы – 4664;
Қостанай облысы – 2 465;
Қарағанды облысы – 2109;
Шығыс Қазақстан облысы – 1 732;
Павлодар облысы – 1 442;
Ақтөбе облысы – 1 144;
Жамбыл облысы – 1112;
Қызылорда облысы – 815;
Маңғыстау облысы – 720;
Атырау облысы – 616;
Батыс Қазақстан облысы – 594;
Ақмола облысы – 571;
Солтүстік Қазақстан облысы – 524;
Алматы облысы – 470;
Түркістан облысы – 148;