АҚШ-тың Ресейді терроризмді демеуші мемлекет ретінде тану туралы ұсынысын Балтық елдеріндегі саяси элита қолдап отыр. Мамырда Литва мемлекеті бұл бастамаға қолдау білдірсе, өткен аптада олардың Ригадағы көршілері де сәйкес қадам жасады, деп жазды РИА Новости.
Ал америкалық истеблишмент оқиғаның осы бағытта өрбуін толығымен қабылдап отырған секілді: АҚШ сенаты сәйкес резолюцияны қабылдады, бірақ Байден әкімшілігі оны қолдауға асығар емес. БАҚ жазғандай, негізінен мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен қарсылық танытып отыр.
Оның себебі түсінікті: мұндай қадам Вашингтонды түрлі деңгейде Кремльмен сауданы жалғастырып жатқан өз одақтастарына санкция енгізуге ғана емес, сондай-ақ Кариб дағдарысынан бері тарихтағы ең қиын кезеңді бастан кешіріп жатқан Мәскеумен байланысты біржола үзуге мәжбүрлейді.
Кремльдегілер мұндай қадам жағдайды түбегейлі өзгертетінін мәлімдеді. Ал Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Конгресс тиісті резолюция қабылдаса, екі ел арасындағы қарым-қатынасты ұмытуға болатынын атап өтті.
"Америкалық саясаткерлер бос ойдың жетегінде кептеуі керек. Себебі АҚШ Ауғанстан, Шешенстан, Ирак, Ливия, Сириядағы барлық қақтығыста түрлі радикалдарды қолдады. Демократиялық қоғамда қудалауға ұшырайтындардың барлығына дерлік Вашингтон не ақшалай, не қару-жарақпен қолдау көрсетті", - деп жазды материал авторы.
АҚШ Украинаны қолдау арқылы терроризмге демеушілік жасаудың жаңа деңгейіне қол жеткізді. Себебі президент Зеленский украин әскері Запорожьедегі атом электр станциясына соққы жасауды жалғастырып жатқанын мәлімдеді. Себебі, ол жақта ресейлік армия орналасқан. Алайда, мұндай іс-қимыл экологиялық апатқа алып келетінімен ешкімнің ісі жоқ.
Автордың жазуынша, мұндай соққыны ешқандай себеп ақтай алмайды. Жексенбідегі шабуылдан кейін жарықшақтар мен зымыран қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған энергия блогынан 400 метр қашықтықта құлады. Ал украин артиллеристерінің мергендігі көп сұрақ тудырып отыр.
Осының аясында Украина Қарулы күштерінің Никопольдегі әрекеттері тіпті түсініксіз көрінеді. Киев мұнда мыңға жуық көлемдегі радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерінің жеке полкін орналастырды. Ресей Қорғаныс министрлігі бұл алдағы арандатушылықты аңғартатынын айтты.
Ресейдің Ұлттық қорғанысты басқару орталығының басшысы генерал-полковник Михаил Мизинцев атап өткендей, Запорожье атом электр станциясы аймағындағы кез келген мұндай әрекет бүкіл құрлықтың ядролық қауіпсіздігіне қатер төндіреді.
Сонымен қатар, аптаның басында украин әскерилерінің Курск облысындағы әрекеттері туралы белгілі болды - олар сол аймақтағы атом электр станциясынан жүргізілген алты электр тарату желісін жарып жіберді. Украина Қарулы күштері Горловканы атқылауды жалғастырып жатыр: бірнеше күн бұрын "Стирол" зауытына артиллериялық соққы жасалды. Кәсіпорын іс жүзінде 2014 жылдан бері жұмыс істемейді, бірақ жергілікті химия зауыттың қоқыстары қала аумағында орналасқан.
"Жалпы, украин әскері барлық әрекетімен экологиялық апатты жақындатып жатыр. Украина Қарулы күштері Донбасс қалаларына бағыттаған "Лепесток" миналарының өзі ауқымды мәселеге айналып отыр. Олар ешқандай әскери тапсырманы орындап отырған жоқ және негізгі мақсаты бейбіт тұрғындарды қыру секілді", - деп жазды мақала авторы.
1993 жылы британдық The Independent газеті "Антикеңестік жауынгер өз әскерін бейбітшілік жолына бастады" деген тақырыппен қызық мақтау мақала жариялады. Газет бетіне Усама бен Ладен оқырманға күлімсіреп қарап тұрған суреті басылған: материал оның Ауғанстандағы "ерлігіне" арналған.
Араға отыз жыл салып батыстағы басылымдар Владимир Зеленскийді батыр ретінде насихаттап жатыр. Кейпікерлері басқа болғанымен, оқиғаның өрбуі де, мән—мағынасы да бірдей. Батыс АҚШ жетекшілік етуімен радикалды режимді қаражат, қару-жарақпен қамтамасыз ету арқылы қолдап отыр.
Владимир Путин өзінің саяси мансабының басында атап өткендей, Ресей әркез террористерді қудалайды және ол содырлармен келіссөз жүргізуді жоспарламайды. Жақында Петр Порошенко мойындағандай, бастапқыда Украинаға соғысқа дайындалу мүмкіндігін беруге бағытталған Минск процесінен үлкен сабақ алу керек. Өйткені Киевте ешкім өзіне алған міндеттемелерді орындауды көздеген жоқ.
Соған қарамастан, Украинада міндетті түрде бейбітшілік орнайды. Бірақ қазіргі белсенді билік өкілдері де, саясатты адамзатқа қарсы қолданған тұлғалар да болмауы ықтимал.