Щучинскте дәрігерлер басына темір қадалған баланы аман алып қалды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Шучинскте басына темір қадалып қалған баланы дәрігерлер аман алып қалды.
Он жастағы бала ауруханаға басына қадалып тұрған темірмен жеткізілген. Дәрігерлер тобы жедел түрде ота жасап, темірді алып шықты.
"Анасының сөзінше, бала футбол алаңында ойнап жүрген. Сол кезде алаңның жақтауынан шығып тұрған темірге басымен қадалған. Көмек берушілер темірді түбінен кесіп баланы ауруханаға алып келген. Ол ауруханаға жеткізілгенде есін біледі. Дәрігерлер баланың миына компьютерлік томография жасап, негізгі мүшелерге зақым келмегенін анықтады. Дәрігерлер темірді алып шықты",- дейді медициналық мекеменің басшысы Сабыржан Сабырәлиев.
Ота сәтті өтті, бала жансақтау бөліменен жалпы палатағы ауыстырылды.