Оқиға

Қызылорда облысында жеңіл көлік жүргізушісі КамАЗ-ға соғылып мерт болды

Екі көлік те бір бағытта жүріп бара жатқан
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Қызылорда облысында кеше, 17 тамыз жантүршігерлік жол апаты болды.
"Самара-Шымкент" тас жолында Audi жүргізушісі КамАЗ тіркемесіне соғылған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Екі көлік те бір бағытта жүріп бара жатқан. Жол апаты салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, көлiк жүргізетін адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.
Сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.