НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Қостанай қаласында ірі мөлшерде пара алған облыстық соттың судьясы ұсталды.
"17 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы соттың Ішкі қауіпсіздік бөлімінің өзара іс-қимылы нәтижесінде Қостанай қаласында Қостанай облыстық сотының судьясы ірі мөлшерде пара алып жатқан жерінен ұсталды", - деп мәлімдеді Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.
Ақша мүдделі тараптың пайдасына соттың оң шешімін алу үшін көзделген.
ҰҚК-нің тергеу департаменті Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.