НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының басшылығымен Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК шекара қызметінің жедел тобы және әскери-әуе күштерімен өзара тығыз байланыста өтіп жатыр.
Жағалаудағы, теңіздегі және әуедегі осындай маневрлер әскери- теңіз күштерін Қарулы күштердің басқа да түрлері және күштік құрылымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, ұрыс қимылдарын жүргізуге дайындауға бағытталып отыр.
"Оқу-жаттығу барысында Әскери-теңіз күштерінің бағынысты бөлімдерінің бөлімше командирлерінің, басқару органдарының даярлық деңгейі тексерілетін болады. Жауынгерлік іс-қимылдарды дайындау және оны жүргізу, өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жан- жақты қамтамасыз ету барысында командалық құрамның практикалық дағдыларын жетілдіруге ерекше назар аударылады", – деп атап өтті әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов.
Оқу-жаттығу үш кезең бойынша өтеді. Оған орналасу пунктін, Ақтау порттары мен Солтүстік терминалды, теңіз экономикалық қызмет объектілерін күзету мен қорғаудың барлық түрлерін ұйымдастыру жөніндегі практикалық іс-шаралар кіреді.
Каспийде командалық-штабтық оқу- жаттығуы өтіп жатыр
© Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана
Каспий теңізінің қазақстандық секторында "Маңғыстау" зымыран-артиллериялық кораблінің, "Алатау" мина-тартқыш кораблінің және "Жайық" гидрографиялық кемесінің экипаждары "шахид-катерлердің" шабуылдарын, ұшқышсыз басқарылатын аппараттар мен қарсыластың әуе шабуылы құралдарына тойтарыс беру жөніндегі іс-қимылды пысықтауда. Әскери теңізшілер күдікті кемені қарап тексереді, ұрыста зақымданған апаттық корабльді іздестіруді және құтқаруды ұйымдастырады.
Маневрлер кезінде барлық дәрежедегі командирлер бөлімшелерді қойылған міндеттерді орындауға дайындап, әскери операцияларды жүргізу кезінде күштерді басқаруға және теңіз бағытындағы әскерлерге көмектесуге қажетті тәжірибе жинақтайды.