НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Цитрус, даршын, жалбыз және зімбірдің хош иісі диета кезінде адамның тәбетті төмендетеді, ас қорыту мен жүйке жүйесін қалыпқа келтіреді, қан айналымын жақсартады және тоқтық сезім сыйлайды.
Бұл туралы диетолог дәрігер, Ұлттық диетологтар мен нутрицологтар қауымдастығының мүшесі, медицина ғылымдарының кандидаты Дарья Русакова айтты.
"Цитрусты хош иістер, кофе және даршын тәбетті төмендетеді. Даршын салмақ тастауға ықпал етеді, өйткені ол зат айналымын үдетеді, қандағы глюкоза деңгейін қалыпқа келтіреді, тәттіге құмарлықты азайтады. Бұл дәмдеуіш қосылған тағамдардың жағымды хош иісі, өткір дәмі болады. Ол төмен калориялы тәтті тағамдар үшін өте қолайлы. Даршынның қасиеттерін күшейту үшін оны табиғи кофе сусындарымен үйлестіруге болады", - деді Дарья Русакова URA.RU порталына.
Оның айтуынша, диета кезінде қалыпты ас қорытуды сақтау маңызды.
Жалбыздың жағымды хош иісі бар, ол жүйке жүйесіне пайдалы әсер етеді және тыныштандырады.
Жалбыз қосылған шай ішектерді тазартуға көмектеседі, іш қатудың алдын алады. Бұл өте маңызды қасиет. Өйткені диета кезінде үлкен дәрет баруға қатысты проблемалар жиі байқалады, деп түсіндірді маман.