Ақтауда салмағы 1,5 келі сәбиге күрделі ота жасалды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облыстық "Ана мен бала" перинаталдық орталығында дәрігерлер жаңа туған нәрестенің өңешіне күрделі ота жасады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сәбиге ота жасаған балалар хирургі Құрман Қайрановтың айтуынша, бала аномалиямен – өңеші бітеліп туған. Ота жасау үшін шақалақтың кеудесі кесілді. Операция бір жарым сағатқа созылды.
"Сәбидің салмағы – 1,5 килограмм. Салмағы аз баланың кеуде тұсын алғаш рет тілдік. Білікті мамандардың арқасында бала ұзақ отаны жақсы көтерді", - дейді Құрман Қайранов.
Қоғамдық коммуникациялар орталығының хабарлауынша, сәби біраз уақыт дәрігерлердің бақылауында болған, кейін үйіне шығарылған.
Толық сауығып кеткенше жаңа туған нәресте мамандардың бақылауында болады.