Алматы маңында автобус жүргізушісі жұмыс орнында көз жұмды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Алматы маңында автобус жүргізушісі рөлде отырып қайтыс болды, деп жазды Экспресс К"
Оқиға аялдамада болғандықтан, ешкім зардап шекпеді.
"Жолаушылар автобустың ұзақ уақыт жүрмей тұрғанына таңғалып, жүргізуші кабинасына барған кезде оның рөлге басын қойып алғанын, аузынан көбік ағып жатқанын көрді", - дейді оқиға куәгері.
Алматы полиция департаменті "Водник" шағын ауданындағы аялдамада 124-ші бағдардағы жүргізушінің денсаулығы нашарлағанын хабарлады. Жедел жәрдем оны ауруханаға жеткізген, науқас сол жерде көз жұмды.
Өңірлер
Павлодар облысында автобус аударылды - бес жедел жәрдем бригадасы барды