Ресейдің санкцияларға төтеп берудегі жетістіктері Батыстың Украинаға көмегін қысқарутына әкеледі. Шетелдік аналитиктер осындай пікір білдіріп, Мәскеу әскери іс-қимылда ғана емес, экономикада да бастаманы сақтап отырғанын айтты, деп жазды РИА Новости.
Politico авторлары, беделді Defense Priorities аналитикалық орталығы мен Соғыс пен бейбітшілікті зерттеу жөніндегі Зальцман институтының қызметкерлері жақын уақытта Мәскеу мен Киев арасында бейбіт келіссөз болмайды деп санайды.
Басылым пікірінше, мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, президент Владимир Зеленский қару-жарақ жеткізулері тоқтамауын көздеп отыр. "Тоғыз миллиард доллардан асатын америкалық әскери көмекті тоқтатудың ешқандай белгісі жоқ", - деп жазды аналитиктер.
Оның үстіне, украин сауалнамасына сәйкес, респонденттердің жартысынан көбі мәмілеге келуді қолдамайды. Сондықтан Зеленский саяси мақсатта да диалогқа бармайды.
Ресей туралы сөз қозғаған авторлар Батыстың санкциялар арнайы әскери операцияның мақсаттарына қол жеткізуге кедергі болады деген үміті ақталмағанын жазды. Ресейлік тарап әскери іс-қимылда табысқа қол жеткізіп отыр. Ал экономикалық шектеулер Еуроодақ елдеріне көбірек зиян келтіруде. "Еуропалықтар қазірдің өзінде жоғары инфляция мен энергия бағасының өсуіне тап болып отыр, ал Ресейдің табиғи газ жеткізулерін қысқартуы Германияны газды қыста таусылып қалмас үшін шұғыл шаралар қабылдауға мәжбүрлеп отыр".
Сондықтан батыс санкциялары ресейлік экономикаға едәуір зиян келтіргенімен, бұл шектеулерге Ресей Еуроодаққа қарағандай әлдеқайда дайын болды деп пайымдауға негіз көп.
Бұған дейін Ресейге оң көзқарас танытпай келген Politico басылымдағы мәселелер Батыстың Украина проблемасын қайта қарауына түрткі болатын себептердің шағын бөлігі ғана болып отыр. Сондай-ақ, америкалық Bloomberg те "Ресйеге қарсы энергетикалық санкциялардан нәтиже жоқ" деген тақырыппен мақала жариялады. Наурыз бен сәуір айларында батыс саясаткерлері өз болжамдарында оптимистік көзқарас танытып, Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері бастаған ОПЕК Ресеймен одақтастықтан бас тартады деп үміттенді, деп жазды басылым.
Алайда, бәрі керісінше болды. Бұл Мәскеудің нарықтағы ғана емес, саяси жетістігі де: "АҚШ президенті Джозеф Байденнің Эр-Риядқа сапарына қарамастан, Путин ОПЕК+ альянсы аясында ықпалын сақтап қалды. Америкалық көшбасшы Сауд Арабиясынан кеткеннен кейін көп ұзамай Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новак корольдікке ұшып келді. Бірнеше күннен кейін ОПЕК+ әлемдік энергетикалық нарыққа қысым түсіретін мұнай өндірудің шамалы өскенін жариялады".
Мұндай конъюнктура Мәскеудің Еуропаға табиғи газ жеткізуден, мұнай сатудан түсетін кірістен бас тарта алатынын білдіреді. Шілдеде мұнайдың Ресейдегі өндірісі жыл басындағы орташа есеппен тәулігіне 10,8 миллион баррельге дейінгі деңгейге қайта оралды.
"Шілде мұнай өндіруді қалпына келтірудің қатарынан үшінші айы болды. Ресей күніне миллион немесе соған жуықтайтын баррель мұнайдың жаңа сатып алушыларын тапты. Ал еуропалық мұнай өндірушілер "өз-өзіне санкция салу" арқылы бұған тоқтау енгізді. Бұл мұнайдың ауқымды бөлігі Азияға, негізінен Үндістанға, сонымен қатар Түркия мен Таяу Шығыс елдеріне де жеткізіледі", - деп жазды Bloomberg.
Еуроодақ мүшелері алдағы қысқа дайындалып, халыққа арналған тарифтерді өсіріп жатыр. Ал қоғамның инфляция мен экономикалық проблемаларға қатысты наразылығы күннен-күнге өршуде.
"Ұлыбританияда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағасы 75 процентке қымбаттауы мүмкін. Ал Германияда кейбір коммуналдық қызметтер бағаның 100 проценттен астам деңгейде өсетіні туралы ескертті", - деп жазды америкалық басылым.
Энергетикалық мәселедегі Кремльдің жетістіктерін атап өткен шетелдік аналитиктер тағы бір мәселеде келісті: Батыс өз азаматтарының қажеттілігі және украиндердің мүддесі арасында таңдау жасауы керек.
"Путин экономикалық салдардың ушығуына байланысты Батыстың Украинаны қолдауы бәсеңдейді деп есептейді. Ресейлік президенттің бұл болжамы дөп келуі мүмкін", - деп жазды Politico мақаласының авторлары.
"Суық жыл мезгілі, электр энергиясына сұраныстың артуы және бағаның күрт өсуі жыл соңына қарай Батыстың Украинаға көмегіне тоқтау болуы ықтимал. Украинаға әскери көмек беру арқылы халықаралық мойындауға ұмтылған еуропалық саясаткерлер бұл энергетикалық тапшылықтан басын ала қашуы мүмкін", - деп жазыды Bloomberg.
Сарапшылардың Украинаға қолдаудың әлсіреуі туралы болжамы қазірдің өзінде расталды. Қыркүйекте Киев 900 миллион еуро көлеміндегі қарызын өтеуі керек. Алдағы транштардың тағдыры осыған байланысты болады. Ал Германия украиндердің кредит бойынша міндеттемелерді орындамауы жаңа көмек пакеттерін ұсынуды бәсеңдететінін ашық айтты.