Өңірлер

Бұршақ жауып, үсік жүреді – ауа райына болжам

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің батыс, солтүстік, шығыс өңірлеріне атмосфералық фронттар әсер етеді.
19-20 тамыз күндері елдің шығысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін, ал республиканың қалған бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның солтүстік жартысында түнде топырақ бетінде 2°С үсік жүреді деп күтілуде.
Ауа температурасы мына өңірлерде төмендейді:
батыста түнде +18+26°С-тан +12+23°С-қа дейін, күндіз +30+38°С-тан +27+35°С-қа дейін;
оңтүстікте түнде +13+20°С-тан 10+17°С-қа дейін, күндіз +28+33°С-тан +22+28 °С дейін;
оңтүстік-шығыста +12+18°С-тан 8+15 °С-қа дейін, күндіз +25+30°С-тан +18+23°С дейін.
Солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталықта ауа температурасы түнде +2+10°С, күндіз +13 + 18°С, оңтүстікте + 23°С болжанып отыр.