НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Абай облысының полициясы кішкентай қызды зорлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"14 тамыз күні кішкентай қызды зорлау фактісі бойынша анасының арызымен облыстық ПД-да сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп хабарлады Polisia.kz.
Сотқа дейінгі тергеу барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120 және 121-бабының 4-бөлігінде көзделген іс-әрекеттер бойынша айып тағылған күдікті адам анықталды, онда 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
"Сол күні күдіктіге қатысты сот "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, істің барлық мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", – деді полиция қызметкерлері.
Балаға медициналық көмек көрсетілді. Қылмыстық істі тергеу және болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды.