Өскеменде үш баласы бар әйел жоғалып кетті

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Өскеменде үш баласы бар әйел жоғалып кетті, деп хабарлайды altaynews.kz.
1975 жылғы туған Садыкова Сәния Кадырханқызы 12 тамыз күні шамамен сағат 18 – 19.00 шамасында жоғалған.
Сәния үй әрлеу, еурожөндеумен жұмыстарымен айналысады. 12 тамыз күні кешке Өскемендегі Бульвар Гагарин көшесі аумағындағы бір үйдегі тапсырысты аяқтап, 60 мың теңге алып үйіне қайтқан. Содан бері хабар-ошарсыз. Үйінде жақындар мен 3 баласы күтіп отыр.
Басында орамалы, жылтыр кепка, үстінде ақ спорттық киім және ақ спорттық аяқ киімі бар. Жақындарының айтуынша, жоғалған әйел дін жолында екен. Ішімдікке немесе басқа да әдеттерге үйір емес.
Полиция жоғалған әйел туралы қандай да бір мәлімет білетін адам болса, дереу 102 желісі бойынша хабарласуды сұрайды.