НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Елордада көлік жүргізушісі баланы қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 16 тамызда сағат 11:38-де Е-251 көшесіндегі үйдің ауласында болған. Land Cruiser 200 автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі көлікті қою кезінде баланы қағып кеткен.
Бала алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.
Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде.