НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам көз жұмды.
Трагедия 16 тамыз күні "Ақтөбе – Болгарка – Шұбарқұдық" тас жолында болды, деп хабарлады Polisia.kz.
Ақтөбе қаласына бағыт алған Газель жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Темір ауданына бара жатқан Тoyota Camry автокөлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан Тoyota Camry автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, төрт жолаушы Темір аудандық орталық ауруханасына жатқызылды.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.