НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысындағы Согра кентінде 12 жастағы бала жоғалды.
Ішкі істер министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, жасөспірім 13 тамызға қараған түні сағат 02:30 шамасында үйден шығып, қайтып келмеген.
Оны іздеуге 500-ден астам адам шықты. Соның ішінед 350 полиция қызметкері, ұлттық ұланының 100 әскери қызметшісі, құтқарушылар мен еріктілер бар.
Полицейлер қызметтік иттерді де алып шыққан. Бала аутизммен ауырады және сөйлей алмайды.
Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен бала түні бойы іздестірілді. Қазіргі уақытта да іздеу жұмыстары жалғасуда.
Ауылда жедел штаб құрылды. Баланы іздеуге қатысамын деген азаматтар қажетті ақпарат алып, бірлескен шараларға қатыса алады.