НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Петропавлдің сот ғимаратыннан қызметкерлер эвакуацияланды. Ғимаратқа бомба қойылды деген ақпарат түсті.
Хабарлама №2 Петропавл соттың электрондық адресіне келген.
Петропавл қаласының полиция бөлімшесі мен төтенше жағдайлар департаменті мамандары келгеннен кейін ғимараттан судьялар мен қызметкерлер эвакуацияланды. Сондай-ақ сол ғимаратта орналасқан СҚО ауданаралық экономикалық сотының қызметкерлері де сыртқа шығарылды.
Ғимаратқа тексеру жүргізген мамандар ол жерден жарылғыш затты таппады. Мекемелер қалыпты жұмыс тәртібіне оралды.