НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстандық спортшы Аделаида Пчелинцева Түркияда өтіп жатқан Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алды.
Павлодар облысының 23 жастағы тумасы 50 метрге брасс әдісімен жүзуден жеңіске жетті.
Финалда қазақстандық 31,71 секунд уақытта мәреге жетіп, жаңа турнир рекордын орнатты.
Бесінші Ислам ынтымақтастығы ойындары 2022 жылы 9-19 тамыз аралығында Түркияның Конья қаласында өтіп жатыр.
24 спорт түрінен жарысқа 56 елден төрт мыңнан астам спортшы қатысуда.