Атырауда 11 жастағы қыз суға кетті

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Жергілікті "Ақ Жайық" порталы таратқан ақпаратқа сәйкес, 13 тамызда сағат 14:50 шамасында 11 жастағы қыз Құрманғазы ауданының Хиуаз ауылындағы Шароновка өзеніне батып кеткен.
Екі сағаттан кейін ТЖД, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері және жергілікті тұрғындар кәмелет жасына толмаған баланы іздеуге кірісті.
Қыздың денесі бүгін таңертең таңғы сағат тоғыздар шамасында табылды.