НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Өңірдегі ТЖД баспасөз қызметіндегілер хабарлағандай, оқыс оқиға Ақтау – Жетібай тас жолының 35 километрінде болған.
"1995 жылы шығарылған Nissan Maxima автомобилінің өртенгені туралы ақпарат өрт сөндіру бөліміне 12 тамызда сағат 20:23-те келіп түсті", - деп жазды жергілікті "Лада" порталы.
Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт сағат 20:58-де сөндірілді.
Өрт сөндіруге бір техника мен жеке құрамнан бес өрт сөндіруші жұмылдырылды. Өрт себептері анықталып жатыр.