15 тамызда республиканың бірқатар өңірінде қатты ыстық болады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде кең ауқымды солтүстік-батыс антициклоны ықпалынан күн ашық болады, сондай-ақ температура біртіндеп төмендейді. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында өте қатты ыстық сақталады.
Күндіз Маңғыстау, Алматы облыстарында, Ақтөбе облысының батысында ыстық ауа райы сақталады, ал Жетісу облысында қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, оңтүстікте, Түркістанның шығысында, батысында, Атыраудың шығысында, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Алматының шығысында, Жетісу облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында, Түркістан облысының шығысында, оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, Жетісу облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.