Мәдениет

Елде мәдениет қайраткерлерін қолдауға бағытталған сыйлық тағайындалды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық жетістіктерін қолдауға бағытталған UMAI сыйлығы туралы хабарлады.
Ұлттық сыйлықтың жалпы жүлде қоры 54 млн теңгені құрайды.
Сыйлық: театр өнері, музыка өнері, хореография өнері, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер сынды 4 бағыт бойынша беріледі және 19 аталымды қамтиды.
Әр номинацияның жеңімпазы 2 млн теңге және "Үздік музыкалық-драмалық спектакль" және "Үздік балет спектаклі" номинацияларының жеңімпаздары 10 млн теңге алады.
Министр жақын арада министрлік тарапынан бұл туралы толық ақпарат ұсынылатынын атап өтті