НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Мелитополь мемлекеттік университетінің базасында кешенді азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі зерттеу орталығы құрылады, деп хабарлайды РИА Новости.
Ресей ғылым және жоғары білім министрі қаладағы ректорлар және профессорлық-оқытушылық құраммен жұмыс кездесулерін өткізді. Олар алдағы оқу жылына дайындық, кадр және инфрақұрылым мәселелерін, сондай-ақ жергілікті университеттердің ресейлік серіктес оқу орындарымен жұмысын талқылады.
"Талқылау аясында Мелитополь мемлекеттік университетінің базасында кешенді азық-түлік қауіпсіздігінің ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы шешім қабылданды", - деп жазылған министрліктің ресми Telegram-арнасында.
Мелитополь мемлекеттік университетінің ұжымымен кездесу кезінде Ресейдің ғылым және жоғары білім министрі Валерий Фальков кітапханаға ғылыми-танымдық әдебиеттерді, соның ішінде тарихи туындыларды сыйға тартты. 2022 жылдың мамыр айынан бастап Дон мемлекеттік техникалық университетінің базасындағы "Наше слово" логистикалық орталығы әдебиеттерді жинаумен айналысады.
Еске салсақ, арнайы операция кезінде ресейлік әскерилер Херсон, Мелитополь және Бердянск сияқты ірі қалаларды басып алып, Запорожье облысының Азов бөлігін және бүкіл Херсон облысын бақылауға алып, Украинаны Азов теңізінен ажыратып тастады.
Екі өңірде де жаңа әкімшіліктер құрылды, ресейлік телеарналар мен радиостанциялар хабар таратып, Қырыммен сауда және көлік байланысы қалпына келтіріліп жатыр. Өңірлер Ресейдің құрамына кіру жоспары туралы жариялады. Сонымен қатар, сегіз жылдан кейін Солтүстік Қырым арнасы ашылып, жартылай аралға қайтадан су жіберілді.